Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі БАСШЫСЫНЫҢ БЛОГЫ |
![]() |
Отдел развития человеческого потенциала Мактааральского района БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ |
||
ҚАЗ РУС |
![]() |
Қош келдіңіздер!
Бұл жерде сіз Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Серикбаев Муратбекке сұрақ қоя аласыз
|
Сұрақ №35-40
Құрметті арыз иесі! Сіз жазған өтініш бойынша заң шеңберінде өтінішке қойылатын талаптарды сақтай отырып, аудандық білім бөліміне жазбаша түрде өтініш жазуға ұсыныс білдіремін. Иесi бүркемеленген өтiнiштер (анонимді) назарға алынады, бірақ қарауға, зерделеп, тексеруге жатпайтынын ескертемін.
Сәлеметсізбе құрметті Бейсенова Кадиша апай Мақтаарал аудандық білім бөлімі тарапынан сізге міндетті медициналық сақтандыру ақысы әр ай сайын уақытылы жеке жинақтық қорыңызға аударылып отырылады, міндетті медициналық сақтандыру ақысын түскені жөнінде аудандық "Халыққа қызмет көрсету орталығына" барып өз есеп шотын алып тексере аласыз.
Сіз Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серикбаевтың жеке блогына сұрақ қалдырғансыз, осы сұрақ бойынша төмендегідей хабарлайды.
Жетісай қаласы қазіргі уақытта Жетісай ауданының орталығы, аталған қала аумағында орналасқан білім беру мекемелеріндегі мәселені қарау Жетісай ауданы білім бөлімінің құзыретінде.
Мектептің іс жүргізушілерінің жалақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Мемлекет есебінен ұсталатын мемлекеттік және казыналық кәсіпорындардағы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу туралы» қаулысының негізінде техникалық орындаушыларға Д блогы бойынша төленеді, ал ауылдық жердегі үстеме ақы төленетін қызметкерлердің тізімінде жоқ болған себепті үстеме ақы төленбейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру ұйымдары кадрларды іріктеуде және оларды орналастыруда дербес болады.
2016 жылғы 28 тамызында білім бөлімінің ұйымдастырыумен Жетісай қаласындағы «Мақтарал мәдениет үйінде» жалпы және негізгі орта білім беру мекемелеріне, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған «Бос жұмыс орны-2016» педагогикалық жәрмеңкесі өтті.
«Мақтарал» мектеп гимназиясынан қазақ орыс сыныптарына, А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінен орыс сыныбына информатика пәнінен бос жұмыс орындарына сұраныс түскен болатын. Қазіргі таңда жоғарыда аты аталған мектептерге мамандар жұмысқа қабылданған.
Бүгінгі таңда мектептерден информатика пәнінен педагог кадрларға қажеттілік жөнінде сұраныс түскен жоқ.
Сіз білім бөлімінің кадр қызметіне тиісті біліміңіздің құжаттарының көшірмесін, түйіндемеңізді тапсырып кадрлар резервіне тіркелуіңізге болады.
Жұмысқа орналасу барысында ақша немесе заттай сыйлық беру заң бұзушылық болып табылады.
Хабарласқаныңыз үшін рахмет.
Ниетіңізге рахмет. Сізге жұмыс барысында шығармашылық табыс отбасыңызға бақыт береке. Ауданымыздың білім беру саласының өсіп өркендеуіне еселі үлес қосады деп сенім артамын.
№4 Абай атындағы мектеп гимназиясы жалпы орта мектебінің директоры Донбаева Гульнара Орынбаевна 2016 жылдың 12 қыркүйегі мен 2017 жылдың 12 мамыры күндері аралығында Алматы қаласына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық Шеберлік орталығына жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша мектеп директорларына арналған курсқа оқуға кеткен. Мектеп директоры оқуға кетуіне байланысты білім бөліміні №4 Абай атындағы мектеп гимназиясы жалпы орта мектебінің директоры уақытша міндетін атқаруды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Төленовты ұсынған.
№4 Абай атындағы мектеп гимназиясы жалпы орта мектебінің директоры уақытша міндетін атқаруды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Төленовке жүктеу мектеп директорының ұсыныс негізінде рәсімделген.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №516-IV «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 68- бабының 2) тармақшасына сәйкес ата-ананың құқықтары балалар 18 жасқа (кәмелетке) толғанда сондай ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабында Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Амансыз ба! Ықыласыңызға көп рахмет! Аудандық білім бөлімі бекітілген нормаға сәйкес мектептердегі сағат жүктемелерін сыныпқа сай белгілеп береді. Одан әрі мектеп ішінде мұғалімнің сағат жүктемелерін бөліп беру мектеп әкімшілігінің құзіретінде.
Саламатсыз ба Сафуан Утебаев! Рахмет! Аудандық білім бөлімінде 4 заңгер қызмет етуде. 2 заңгер есеп орталығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, 2 заңгер білім бөліміндегі заңнамаға қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Заңгерлердің мектеп мұғалімдеріне заңнамалық кеңестер беруге мүмкіншіліктері бар.
Амансыз ба! ҚР Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік немесе паспорт (он алты жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік) қажет. Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;
2) тұруға ыхтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан аумағы нда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтар үшін) не босқын куәлігі;
3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететні жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктіліг туралы, арнайы немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.
«Білім туралы» ҚР Заңында Білім мекемеге кадрларды қабылдауда, іріктеуде мекеме басшылары дербес болады деп көрсетілген. Қызметке тұру үшін өтемақы алынбайды.